Қоғам • 27 Мамыр, 2021

Амандық Баталов қашан зейнет демалысына шығатынын айтты

1219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов БАҚ өкілдерінің «Зейнет демалысына шығуға дайынсыз ба?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Амандық Баталов қашан зейнет демалысына шығатынын айтты

«Маған осы сұрақ жиі қойылады. Мемлекет басшысы әкімдік лауазымды маған сеніп тапсырды. Оған менің күшім де, денсаулығым да жетеді. «Ертең сағат 12-де жұмыстан кетесің» десе, мен сол 12-ге дейін міндетімді адал әрі жауапты түрде атқарамын, халық үшін жұмыс істеймін және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаймын. Ал ертең кетемін бе, арғы күні ме, бір жылдан кейін бе, керек адам өзі ойланып, болжамын жасай берсін», деп жауап берді облыс басшысы ОКҚ-дағы брифингте.

Еске салайық, Амандық Баталов 1952 жылдың 22 қарашасында дүниеге келген. Биыл 69 жасқа толады.