Тиісті ақпарат авиакомпанияның сайтында жазылған. Сөйтіп 27 мамыр мен 30 қазан аралығында мына 12 бағыт бойынша рейстер орындалмайды. Бұл – Варшава, Милан, Амстредам, Рим, Майндағы Франкфурт, Берлин, Мюнхен, Ганновер, Вена, Брюссель, Барселона мен Калининград.
Аталған бағыттар бойынша билет сатып алып қойған жолаушыларға бір жыл ішінде оның толық құны қайтарылады.
Бұған дейін компания Швеция, Ұлыбритания, Франция, Литва мен Украинаға да сапарларын тоқтатқан еді. Негізі Блумберг агенттігінің хабаралуынша, былтыр «Белавиа» 210 миллион доллар пайда тапқан екен. Алайда соңғы оқиғаларға байланысты сарапшылар «компания биыл сол табысының жартысынан айырылуы мүмкін» деп топшылап отыр.