Қазақстан • 27 Мамыр, 2021

Интернет алаяқтарының саны артып барады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есірткі қылмысының саны 11%-ға өскен. ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте есірткі бизнесі бұрынғыдай емес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Интернет алаяқтарының саны артып барады

Спикердің айтуынша, қазір тұтынушымен тікелей байланыс жоқ. Өткізу онлайн форматқа көшкен.

«Өткен жылы есірткі құралдарын насихаттау немесе жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Енді полиция тек қабырғалардағы граффитиді бояумен және интернет-сайттарды бұғаттаумен шектелмейді. Бұл үшін заңсыз әрекеттерді жарнамалайтын адамдар белсенді түрде жауапқа тартыла бастады. Алаяқтық саны артты. Бұл интернеттегі алаяқтық есебінен болды. Бұл көрсеткіш 2,5 есе өсті. Олар алаяқтықтың жалпы санының 53%-ын құрайды. Өткен жылы 33% болды. Бұл жерде екі себеп бары анық, біріншіден, коммуникациялар мен қызметтердің көбі электрондық форматқа көшті, екіншіден, азаматтарымыздың сенгіштігі», деп атап өтті спикер.

Интернетте телефонда «бір түймені» басып онлайн несие берілетіні туралы жарнама өте көп. Алаяқтар осыны пайдаланады.

«Біз бұл мәселелерді Бас прокурордың төрағалығымен Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде қарастырдық. Банктер мен реттеушілерді шақырып, оларға қылмыстың өсуіне байланысты жағдайды жеткіздік және клиенттердің қауіпсіздік тетіктерін күшейтуді ұсындық. Бұл ұсыныстар бүгінде жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап электрондық тәсілмен шағын несиелер беру талаптары күшейтілді», деді қадағалау ведомствосының өкілі.