Коронавирус • 28 Мамыр, 2021

«Қызыл» аймақтағылардың қатары азайып келеді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймақтағылардың қатары азайып келеді

Қазақстан 28 мамырдағы жағдай бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше «қызыл» аймақта тұрған Атырау облысы бүгін «сары» аймаққа өтті.