Қоғам • 28 Мамыр, 2021

«Ashyq»-қа тіркелген нысандар жеңілдікке ие болды

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін Ақмола облысының нысандары өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қосымша жеңілдіктерге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ashyq»-қа тіркелген нысандар жеңілдікке ие болды

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның №19 жаңа қаулысы мамырдың 27-нен бастап күшіне енді.

Бұл құжатқа сәйкес, қолданыстағы «Ақмола облысының аумағында шектеу карантин шараларын күшейту туралы» №14 қаулысына бірқатар өзгерістер енгізіледі.

Жаңа қаулыда банкет залдарында 30 адамнан аспайтын есеппен және бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету кезінде еске алу шарасын өткізуге рұқсат береді. Бұл нысандардың толымдылығы 30 пайыздан аспаған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал қосымша бойынша жұмыс істемейтін нысандарға 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Құжат бильярд, компьютерлік клубтардың, соның ішінде PlayStation клубтарының, боулинг орталықтарының жұмысын 00:00-ден 02:00-ге дейін ұзартады. Бұл ретте компьютерлік клубтарға 16 және одан жоғары жастағы адамдар ғана жіберіледі. Караоке осы кесте бойынша жұмыс істейді, бірақ 50 пайызға дейін толтырылуы мүмкін, 30 адамнан аспайды. Сондай-ақ құжат лотерея клубтары мен лотереяны сатудың басқа нүктелерінің жұмысын қарастырады. Олар бір адамға кемінде 4 шаршы метр аумақты қамтамасыз ету кезінде және бір мезгілде 30 адамнан аспайтын уақытта жұмыс істей алады.

Еске сал кетейік, өңір әлі де «қызыл» аймақта қалып отыр. Алайда «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін нысандар енді қосымша жеңілдіктерге ие және «сары» аймақта жұмыс істейді.