Аймақтар • 28 Мамыр, 2021

Елорданың тағы бір сауда орталығында вакцина егіле бастады

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялайтын сауда орындарының тізімін қаланың оң жағалауындағы «Еуразия» сауда үйі толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорданың тағы бір сауда орталығында вакцина егіле бастады

Мұнда азаматтар ресейлік «Спутник-V» препараты және қытайлық «SinofarmHayat-Vak» вакцинасын қабылдай алады.

«Қала тұрғындары тығыз орналасқан аудандардың бірін вакцинациялаумен қамту үшін «Еуразия» сауда үйінде де егу пунктін ашуды жөн көрдік. Аудан тұрғындары да аталмыш сауда орнында ашу туралы бірнеше рет өтініш білдірген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, осы мәселенің мүмкіндігін қарастырдық және азаматтарға ыңғайлы болу үшін вакцинациялау пункттерін ашу туралы шешім қабылдадық. Эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, осы жерде вакцинация жүргізілетін болады», деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Вакцинация орны «Еуразия-3» СҮ-нің 4-қабатында ұйымдастырылған. Вакцинациялауға тіркеу бригаданың кестесіне және сауда үйінің жұмыс режиміне сәйкес сағат 19.30-ға дейін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада бүгінге дейін «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтарында, «Әлем», «Астаналық», «Еуразия» сауда үйлерінде вакцинация пункттері ашылған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша олардың саны үш есе артты.