Теннис • 28 Мамыр, 2021

Ширек финалға жолдама алды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Юлия Путин­цева Страсбургтегі (Франция) WTA 250 турнирінің ширек финалына шық­ты.

Ширек финалға жолдама алды

Бастапқы кездесуінде швециялық Ребекка Петерсонды жеңген Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 53-ракеткасы швейцариялық Жиль Белен Тайхманнан техникалық себеппен басым түсті. Матчты белсенді бастаған жерлесіміз бірінші сетте 2:0 есебімен алда болған еді. Бірақ абайсызда жарақат алып қалған Тайхман жарысты әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп қазақстандық теннисші еш қиындықсыз халықаралық жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Жартылай финалға шығу үшін Ю.Путин­цева әлемнің 48-ракеткасы польшалық Магда Линеттпен шеберлік байқасады.