Білім • 28 Мамыр, 2021

Қыркүйекте мектептер ашылады деп ойлаймын – министр

920 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір баланы мектепке апарамыз ба, әлде жоқ па деп ойланып отырмыз. Бұл туралы Білім және ғылым Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыркүйекте мектептер ашылады деп ойлаймын – министр

«Балам алтыда, егер қайтадан қашықтан оқитын болса мектепке жеті жасында береміз. Биыл мектептер ашыла ма?», деп сұрады министрден.

«Өте маңызды сұрақ, бірақ бәрі санитарлық-эпидемиялық жағдайға, өзімізге байланысты, егер халықтың басым көпшілігі вакцина салдырса және барлық санитариялық талап пен шектеуді сақтасақ, мен келесі жылы қыркүйектен бастап білім мекемелері ашылады деп ойлаймын», деді министр.

Аймағамбетов балалар мектепті, достары мен ұстаздарын сағынғанын атап өтті.

«Мектептерін сағынды, педагогтер де тезірек дәстүрлі форматқа оралғысы келеді, жалпы бәріміз дәстүрлі форматқа оралғымыз келеді. Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты. Мен вакцинация қарқыны келесі жылы мектептердің ашылып, дәстүрлі форматқа оралуымызға әсер етеді деп үміттенемін», деді ведомство басшысы.