Аймақтар • 28 Мамыр, 2021

Алматы облысында оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады

2131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 2005 жылғы қыз бала өзіне қол жұмсады. Оқиға Іле ауданының Түймебаев ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады

«Бұл оқиға 21 мамыр күні болған. Кәмелет жасына толмаған қыз бала асылып қалған. Ол үйдің қорасында асылып тұрған жерінен табылған. Сараптама тағайындалды. Алғашқы тексеруде оның денесінде қинап өлтіру белгілері анықталмаған», деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне сәйкес «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.