Әлем • 28 Мамыр, 2021

ДДҰ басшысы Қазақстандағы вакцина алу көрсеткішін жоғары бағалады

1246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен видео конференция режимінде кездесу өткізді. Кездесу барысында ДДҰ басшысы Қазақстандағы вакцина алу көрсеткішін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ басшысы Қазақстандағы вакцина алу көрсеткішін жоғары бағалады

«Бүгінге дейін 2 миллион адамға вакцина салынған екен. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Көптеген ел мұндай деңгейге жеткен жоқ. Халықтың 55 пайызына екпе саламыз деген мақсаттарыңыз қолдауға тұрарлық», деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Сонымен қатар ол QazVac екпесінің әзірлемесін қолдайтынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты.