Коронавирус • 29 Мамыр, 2021

1,4 мыңнан астам шетелдік ПТР анықтамасыз Павлодар облысының шекарасынан өтпек болған

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1,4 мыңнан астам шетелдік ПТР анықтамасыз Павлодар облысының шекарасынан өтпек болған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1,4 мыңнан астам шетелдік ПТР анықтамасыз Павлодар облысының шекарасынан өтпек болған

Павлодар облысында мемлекеттік шекарадағы «Қосақ», «Үрлітөбе», «Сұлу Ағаш», «Шарбақты» өткізу бекеттерінде қозғалысқа мониторинг жүргізу жалғасуда.

Тек 26 мамырда Павлодар облысының шекарасы арқылы 335 азамат өтті. Олардың 148-і – жаяу жүргіншілер, 187-і – жүк көліктерінің жүргізушілері. Осы күні карантиндік стационарға 9 адам орналастырылды.

Бір тәулік ішінде өткізу бекеттерінде Covid-19 расталған жағдайлар анықталған жоқ.

Ресей және Қырғызстаннан келген 2 азаматтың елге кіруіне тыйым салынды. Шетелдіктер ПТР тексеруінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынбаған.

Шектеулер енгізілген сәттен бастап (19.09.2020 ж.) Павлодар облысына 108 943 адам келді. Олардың 65 296-ы – халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер болса, 43 647-і – жолаушылар.

«26 мамырдағы жағдай бойынша 30 911 ПТР тексеру барысында аурудың асимптоматикалық ағымы бар 202 адам анықталды», делінген хабарламада.

ПТР тексеруден өткізу үшін 3 180 қазақстандық карантиндік стационарларға жатқызылды.

1 446 шетелдіктің елге кіруіне (анықтамасыз) жол берілген жоқ.