Конгресс шеңберінде су ресурстарын басқару, тұйық цикл экономикасы, климаттық саясат, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл энергетика» мәселелерін талқылау мақсaтында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Конгресс жыл сайын өтеді және мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері үшін пікірталас алаңы болып табылады.
М.Мырзағалиев «Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық стратегиялар мен жобалар» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысып, оның барысында Қазақстанда жүргізілген экологиялық заңнама реформасы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, М.Мырзағалиев Конгрестің жоғарғы деңгейдегі пленарлық отырысына қатысты.
Өз баяндамасында Министр климаттық саясатты жақсарту, жердің құрғауы мен тозуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ, Арал өңірі мен Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін кешенді шешу туралы, биоалуантүрлілікті сақтау және ормандарды көбейту туралы мәселелерін атап өтті.
Сондай-ақ, Нева хлықаралық экологиялық конгресіне орай тал отырғызуға арналған экологиялық науқан ұйымдастырылды.
Конгресс аясында М. Мырзағалиев РФ Табиғи ресурстар және экология министрі А. Козловпен, Ресей Федерациясы Президентінің Кеңесшісі, Ресей Федерациясы Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Р. Эдельгериевпен, Ресей Федерациясы су ресурстары Федералды Агенттігінің басшысы Д. Кирилловпен және Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі А. Худыкпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.