Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазғы шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Бірақ, өңір тұрғындары тарапынан өзен-көлге шомылу дерегі жиі қайталанып отыр.
«Сақтық шараларын елемеген атыраулық тұрғынның бірі 28 мамырда кешкі сағат 20:03 шамасында жасөспірім балаларымен Жайық өзенінің жағасына демалуға барғаны анықталып отыр. Жағада ойнап жүрген жас шамалары 6-7 жастағы екі баланың бірі абайсызда өзенге құлап кеткен. Оны көрген әкесі өзенге секіріп, баласын алып шыққан. Мұны бейнебақылау камерасынан байқаған қызметкерлер жақын маңдағы полицейлерге бағыттама берген», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жағалауға жеткен полиция қызметкерлері тексеру кезінде кәмелет жасқа толмаған екі баланың ата-анасы рұқсат етілмеген жерде шомылғанын анықтады. Сол себептен, профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізіп, ескерту берген.