Әлем • 31 Мамыр, 2021

Борис Джонсон үйленді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англия премьер-ми­нистрі Борис Джонсон үй­лен­­ді. Іс-шара Уэстминстер шір­­кеуін­­де көпшілік назарынан тасада өтті.

Борис Джонсон үйленді

Сенбіде үкімет басшысы бұ­­ған дейін сөз бай­лас­қан қа­лың­­­­дығы Кэрри Саймондспен неке­­сін қи­ды. Маңызды оқиғаға Борис Джонсонның отбасы мен жақын достары ғана куә болды. Жиында бас-аяғы 30 ғана адам болған. Дегенмен бұл жаңа­лық Британия баспасөзінің назарынан тыс қал­мады.

Бұған дейінгі жаңалықтарға сүйенсек, неке қию рәсімі 30 мау­сымға жоспарланған.

Саясаткердің әріптестері әлеу­­мет­тік желілерде құттықтап, жы­лы лебіздерін арнады. Мәсе­лен, алғашқылардың бірі болып Солтүстік Ирландияның бірінші ми­нистрі Арлен Фостер Twitter же­лі­сіндегі парақшасында құт­тық­тап, жас жұбайларға бақыт тіледі.

Іс-шараға бірнеше шіркеу қызметкері қатыс­ты. Негізгі бө­лімі Дэниел Хамфрейс әкейдің басшы­лығымен өтті. The Sun басылымы «Даунин стриттің», яғни Парламент пен Сарайдың бұл оқи­ға­дан хабары болмағанын жазады.  Дегенмен екі құ­­рылым да бұған қатысты еш түсініктеме  бер­меді.

Уэстминстр шіркеуіне келгендерден шіркеуді жергілікті уақыт бойынша 13:30-да босатуын өтінген. Бір жарым сағаттан кейін оқиға орнына үкімет басшысы мен ақ көйлек киген қа­лың­дығы келді. Шіркеуде ән айт­қан музыканттар кешкі 10-да ғимараттан шыққаны фотоға түсі­рілген.

Борис Джонсон мен Кэрри Саймондс туралы медиа­да 2019 жылы хабарлар шыға бастады. Олар 2020 жылы сөз байласқанын ресми түрде хабарла­ды.­

Кэрри Саймондс Консер­вативті партияда жұмыс істеген. Лондонның 33 жастағы тумасы – Уоруик университетінің түлегі.  Оның әкесі – Мэттью Саймондс The Independent басылымының негізін құрушылардың бірі. Кэрри Саймондс өзін экобелсенді ретінде таныстырады.