Қазақстан • 31 Мамыр, 2021

Автобус жолақтарына қатысты заңға қандай түзетулер енгізілмек?

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі автобус қозғалысына арналған жолақтарды басқа көліктердің пайдалануын реттейтін заңнамалық түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобус жолақтарына қатысты заңға қандай түзетулер енгізілмек?

«Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар қалаларда арнайы бөлінген автобус жолақтарын автомобильдердің қарбалас сағаттардан тыс кезде және демалыс күндері пайдалану мүмкіндігін зерделей отырып автомобиль ағындарын ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр. Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган ретінде жол қозғалысы ережелеріне ықтимал түзетулерді алдын ала дайындады», деді Ішкі істер министрдің кеңесшісі.

Министрлік өкілі түзетулердің жобасы «Ашық НҚА» ақпараттық порталына жариланған еске салды.

«Елді мекендерде жол қозғалысын ұйымдастыруға және көше-жол желісін басқаруға заң жүзінде жауапты болып табылатын жергілікті атқарушы органдар көшелердің жалпы жүктемесін, қозғалыс қарқындылығын және қоғамдық көлікке арналған жолақтардың өткізу қабілетін зерттеп, тиісті сараптамалар негізінде талдайды. Жария талқылау, халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелерін қоса алғанда, барлық жиналған материалдар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне енгізіледі. Заңнамаға тиісті түзетулер енгізудің орындылығын мемлекеттік органдар жиналған материалдарды қорытуға және талдауға қарай, жұртшылықтың пікірі негізінде қарайтын болады», деді Нұрділдә Ораз.