Бұл туралы дүйсенбі, 31 мамыр күні, Yomiuri Shimbun газеті хабарлады. Сovid-19 тестілеуі стадионға кіруден жеті күн бұрын жасалуы керек екендігі айтылды.
«Жарыс кезінде инфекцияны таратпас үшін, спортшыларды қолдау үшін айқайлауға, тамақтануға тыйым салынады», деп жазады басылым.
Сондай-ақ стадионға кірер алдында көрермендердің қызу өлшемі тексеріп, міндетті түрде маска тағуы керек.
Ал вакцинациядан өткен адамдар тиісті құжаттарын көрсетеді.
Газет көрермендер коронавирусқа тестілеуден тегін өте алатынын жазады. Олимпиада ұйымдастырушылары күніне 400 мыңға жуық адамды тестілеуден өткізуге дайын.
Олимпиада ойындарын тамашалауға кіргізілетін жанкүйерлер саны маусым айында анықталады.