Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көшелер ішінара жабылады. Бұл учаскеде 1-10 маусым аралығында асфальт ауыстыру жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі.
«Құрметті алматылықтар! Жол төсемін ауыстыру жұмыстары аясында әл-Фараби даңғылында екі бағыт бойынша да Достық даңғылынан Жарбұлақ (Терренкур) өзеніне дейінгі жолдың барлық ені бойынша 1 маусым мен 10 маусым аралығында күндізгі және түнгі уақытта қозғалыс ішінара жабылады», делінген хабарламада.