
«Білім және ғылым министрлігінің назарына 454 мың баланың құқықтық мәселесі түсіп, соның бәріне біз қол ұшын беріп, реттедік. 2020 жылы 640 мың бала мектептерде тегін тамақпен қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарында 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен тегін қамтылды. Қарағанды облысында 1-2 сынып оқушылары, Маңғыстау және Ақмола облыстарында 1-сынып оқушылары түгел тегін ыстық тамақпен қамтылды. Комитет тарапынан ұйымдастырылған ең ауқымды шаруа осы деуге болады», деді ол.