Экология • 31 Мамыр, 2021

Маңғыстау облысында 190 браконьер ұсталды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспийде өткен «Бекіре» операциясы кезінде 190 браконьер қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында 190 браконьер ұсталды

Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Өңірде заңсыз балық аулаушылармен екі айдан бері күрес жүріп жатыр. Бұл шараға Маңғыстау мен Атыраудың шекарашылары атсалысуда. Бірлескен жұмыстың арқасында 500-ге жуық бекіре тұқымдас балық, 11 мың қара балық теңізге қайтадан жіберілді.

Сонымен қатар ұзындығы 250 шақырымды құрайтын тор тәркіленіп, браконьерлердің қармағына іліккен 21 итбалық құтқарылды. Шекарашылар мемлекетке келетін 1 млрд теңге шығынның алдын алды.

«Бүгінгі күні браконьер саны азаймай жатыр. Соған сәйкес әрі қарай Полиция департаментіне, инспекцияға шекара қызметінен көмек болады. Жалпы, заңбұзушылар Қазақстанның азаматтары, Маңғыстау мен Атырау облысының тұрғындары. Браконьерлер қос маторлы қайықпен шығып, шекара катерлерінен қашып кете алмайды», дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің МОБ жағалау күзет басқармасының бастығы Талғат Төребаев