Оқиға • 31 Мамыр, 2021

Алматыда екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Бостандық ауданының әкімдігі бұл ақпаратты растады.

Апатты үй 1956 жылы салынған.

«Төбесі опырылып түскен пәтерде 6 адам тұрады, оның екеуі бала. Оқиға кезінде балалар болмаған. Бірінші кіреберісте 4 пәтер және 2 кеңсе, екінші кіреберісте кеңсе және 4 пәтер орналасқан. Апатты үйдің төбесі құлаған соң, аудандық әкімдік №5 пәтерде түратын 4 адамды «Атакент» қонақ үйіне орналастырды. Ал №4, 6 пәтер бос», деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Бүгін қала құрылысын бақылау басқармасы үйдің төбесі мен шатырының техникалық жағдайын анықтауға кірісті. Құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін лицензиясы бар ұйымның мамандарын тарта отырып құлаған төбеге сараптама жүргізіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38