Даниялық Danmarks Radio телекомпаниясы «2012 мен 2014 жыл арасында Дания Қорғаныс және барлау қызметі суасты интернет кабельдері арқылы ақпарат ұрлап, АҚШ агенттігіне жәрдемдесті» деген ақпарат таратты.
Ақпараттық технологиялар маманы Эдвард Сноуден АҚШ 2013 жылы Меркельдің телефонын тыңдауға алды деді. Дегенмен бұл ақпаратты Ақ үй жоққа шығарды.
Ал жақында Danmarks Radio бірқатар еуропалық басылыммен бірге жаңа зерттеу жасап, бірнеше саясаткердің хабарламалары оқылып, телефон әңгімелері тыңдалғанын анықтады. Компания бұл ақпаратты 9 дереккөз растағанын хабарлады.
Дания Қорғаныс министрлігі жауап бермегенімен, 2019 жылға дейін қорғаныс министрі қызметін атқарған Трин Брамсен компанияға өте жақын серіктестердің құрылғыларын жүйелі тыңдап отыру немесе бақылауға алу тыйым салынған ереже екенін айтты.
Бұл жаңалықты естіген Франция ақпарат расталса, серіктестік сетінейтінін білдірді. «Даниялық әріптестеріміздің АҚШ-қа қолдау білдірмегенін, жүйеде қате кетіп немесе тағы бір түсініспеушілік болғаны туралы мәлімдеме күтеміз. Өйткені бұл күдік расталса, бұдан арғы достастығымызға күмән бар», деді Францияның Еуропа министрі Клемент Бон.
Бұл мәлімдеме өте қолайсыз уақытта жасалып отыр. Өйткені алда трансатлант серіктестігінің мәселесі талқыланбақ. Екі аптадан кейін АҚШ президенті Джо Байденнің Еуропаға сапарлап келіп, алғаш рет G7 саммитіне қатысуы жоспарланған.