Оқиға • 01 Маусым, 2021

«Бомба қойылған»: Павлодарда мектептер мен колледжден адамдар эвакуацияланды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бомба туралы хаттар оқу орындарының электронды мекенжайларына келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бомба қойылған»: Павлодарда мектептер мен колледжден адамдар эвакуацияланды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 31 мамыр күні кешкілік, сағат 17:08-де Павлодар полициясына өңірдің 10 мектебі мен бір колледжінде жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама түскен.  

- Ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Мектептердің іргелес аумағы қоршалып,  оқиға орнында жедел тергеу топтары жұмыс істеуде, - деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.