Спорт • 01 Маусым, 2021

Қарағандылық клуб Ресей суперлигасын сәтсіз аяқтады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Ресей Суперлигасында сынға түскен «TTC Karaganda» клубы соңғы ойындарда жеңіліп қалды, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарағандылық клуб Ресей суперлигасын сәтсіз аяқтады

Владислав Захаров, Алан Құрманғалиев, Эрик Райтер, Темірлан Кимнен құралған қазақстандық команда Қазан қаласында бес ойын өткізген болатын. Алайда, аталған бес кездесудің біреуінде ғана біздің спортшылар жеңіске жетті. 

Александр Брижевский шәкірттері Свердлов облысының командасын 3:0 есебімен жеңіп, қалған төрт кездесуде ұтылып қалған. 

Атап айтар болсақ, Қазанның «Идель», «УОР»  командаларынан және түмендік клубтан қарағандылықтар айласын асыра алмады.