Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Түркістан облысында 722 елді мекенге газ тартылады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылы Түркістан облысында 722 елді мекен газдандырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында 722 елді мекенге газ тартылады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында осындай ақпарат берді.

«2021 жылдың 1 қаңтарына облыстың табиғи газбен қамтамасыз етілуі 64,4% немесе шамамен 1,3 млн адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ұсынылған кешенді жоспар аясында Созақ ауданындағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан магистральдық газ құбырын және Мақтаарал ауданында 3 автоматтандырылған газ тарату станциясын салу, сонымен қатар елді мекендерге газ тарату желілері мен газ жеткізу құбырларын салу жоспарлануда», деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің айтуынша, жергілікті әкімдіктің жоспары бойынша 2026 жылға қарай газдандырылған елді мекендердің санын 423-тен 722-ке дейін ұлғайту көзделген. Бұл халықты газбен қамту 1 млн 274 мың тұрғыннан 1 млн 720 мың тұрғынға дейін жетеді деген сөз.

«Бұл өңірді газдандыру деңгейін ағымдағы 64,4%-дан 85,4% дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Әкімдік бұл көрсеткішке бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты және басқа да инвестиция есебінен қол жеткізуді жоспарлап отыр», деді Энергетика министрі.