Оқиға 31 мамыр күні сағат 10.30-да Шоқан Уәлиханов көшесінде орын алған. Chevrolet және Daewoo Nexia автокөліктерінің жүргізушілер бір-біріне жол бермей, жанжал шығарған.
Екеуі де ұсталып, полицияға жеткізілді, оларға «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге қоғамдық тәртіпті бұзбауға, жол ережесін қатаң сақтауға және басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды.