Оқиға • 01 Маусым, 2021

Оралда 2,5 жасар бала бесінші қабаттан құлап қайтыс болды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында 2,5 жасар бала бесінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда 2,5 жасар бала бесінші қабаттан құлап қайтыс болды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 маусым күні Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы 93-мекенжайында орын алған. Түскі сағат 15.10-да ата-анасының қарауынсыз қалған 2018 жылғы ұл бала 5-қабаттан құлап кеткені жөнінде хабар түскен. Ашық бас-ми жарақатын алып, бас сүйегі сынған бала ес-түссіз күйінде ауруханаға жатқызылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баланың сағат 15.40-та көз жұмғанын жеткізді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі де 2,5 жастағы баланың бесінші қабаттан құлап, қайтыс болғанын растады.