Теннис • 02 Маусым, 2021

Бублик ұтылды, Диас ұтты

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның ерлер құра­масының қос өкілі де Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.

Бублик ұтылды, Диас ұтты

Бұған дейін біз Михаил Кукушкиннің испаниялық Алехандро Давидович-Фокинадан ұтылғаны жайында жазған едік. Одан кейін Александр Бублик сүрінді. Ол әлемнің екінші ракеткасы Даниил Медведевпен күш сынасқан еді, Бубликтің ресейлікке әлі жетпеді – 3:6, 3:6, 5:7.

Әйелдер сайысында Елена Рыбакина бастаған жеңісті жолды Зарина Диас жалғастырды. Жерлесіміз WTA тізімінде 68-орында тұрған ұлыбританиялық Хизер Уот­соннан айласын асырды – 6:4, 7:5. Келесі кезеңде Зарина бельгиялық Элисе Мертенспен кездессе, Елена жа­по­ниялық Нао Хибиномен шеберлік бай­қасады.