Футбол • 02 Маусым, 2021

Сыйақы мөлшері анықталды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа футбол одағының (УЕФА) мұрындық болуымен биылғы маусымда өтетін Конференция лигасында өнер көрсететін командалардың қан­дай мөлшерде сыйақы алатыны жария етілді.

Сыйақы мөлшері анықталды

Биылғы доп додасында Нұр-Сұлтанның «Астана», Қостанайдың «Тобыл» және Қарағандының «Шахтер» клубтары бақ сынайды. Олар турнирді іріктеу сайыстарынан бастайды. Бұл командалардың әрқайсысы келесі кезеңге шыққан сайын 100 000 еуродан алып отырады. Егер алғашқы сынақтан сүрінген жағдайда өтемақы ретінде 150 000 еуро төлеу жағы да қарастырылған. Сол секілді екінші кезеңде жеңілгендерге 350 000 және үшінші раундта ұтылғандарға 550 000 еуродан беріледі. Плей-офф кезеңінде сүрінгендердің есепшотына бірден 750 000 еуро аударылады.

Ал топтық турнирде күш сынасу құрметіне ие болған командалардың материалдық жағдайлары едәуір жақсара түседі.