Оқиға • 02 Маусым, 2021

Қарағандыдағы көпқабатты үйде жарылыс болды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйде жарылыс болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыдағы көпқабатты үйде жарылыс болды

Оқиға 1 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 19.57-де болған. Тұрғындар оқиға орнына бірден құтқарушыларды шақырған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс газ баллонынан болуы мүмкін.

Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Ведомство хабарына қарағанда, үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

«Бес қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде газ-ауа қоспасы жарылған, бірақ ол өртке айналмады. Оқиға салдарынан үйдің тіреуіш құрылымдары зақымдалмаған, тек пәтердің бөлмелері зақымданған», деді ведомство өкілдері.

Оқиға орнында құтқарушылар қаза болған адамды тапты. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ. Тұрғын үйдің басқа пәтерлерінен 10 адам эвакуацияланған.