Елорда • 02 Маусым, 2021

Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада алғаш рет Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

ЖҚКО-ның басты мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар және жастар арасындағы өзекті мәселелер болып саналатын жұмыссыздық, тұрғын үй, білім, денсаулық және тағы басқа бағыттар бойынша консультативтік көмек көрсету.

«Елорда әкімі қаламызда жастар көп шоғырланатын тұста жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылу керек деген болатын. Осы себеппен бүгін жастарға арналған орталықты Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, алғаш рет ашып отырмыз. Бұл орталықта қызметтің бірнеше түрі бар. Мәселен, Отбасы банкі өзінің жұмыстары жөнінде жастарға түсіндіріп береді. Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастарды қолдауға дайын. Тағы сол сияқты «Астана жастары» қызметкерлері белсенді жұмыс істейтін болады. Бұл орталықты ашудың басты мақсаты — жастарға қолдау көрсету», деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.  

Айта кету керек, жастарға қызмет көрсету орталығы теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан. Жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-18.00 аралығында жүргізіледі.