Кәсіпқой бокс • 02 Маусым, 2021

Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 мамырда жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Ол Калифорнияның Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа - 5 маусымға дейін тыйым салынды. 

Мұндай шешімге не себеп болғаны жайында әзірге нақты мәлімет жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан таланттары

Айбын • Бүгін, 08:55

Майдангер марапатталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:53

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдениет • Бүгін, 08:50

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30