Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Павлодарда көлік апатынан бір жолаушы қайтыс болды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Әуежай – Павлодар автожолында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда көлік апатынан бір жолаушы қайтыс болды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні сағат 23.00-де «БМВ» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Көлік ағашқа және жарықтандыру тірегіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жолаушы ауруханада есін жимастан көз жұмды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізіледі», деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 168 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, 252 адам жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43