Спорт • 02 Маусым, 2021

Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

ФИФА жеребе тарту рәсімін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы А тобына түсті. Қарсыластары – Литва, Коста-Рика және Венесуэла. 

Қазақстан құрамасы төрткүл дүние додасына үшінші мәрте қатыспақ. Бұған дейін біздің футзалшылар Гватемала мен Колумбияда өткен әлем біріншіліктеріне қатысқан еді.

Соңғы жаңалықтар