Қоғам • 02 Маусым, 2021

Тоғыз күннің ішінде екі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір сарбаз казарманың терезесінен секіріп, ауыр жарақаттарының салдарынан сол жерде жан тәсілім етсе, екіншісі өз-өзіне оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоғыз күннің ішінде екі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Отандық телеарналардың бірінде хабарланғандай, марқұм болған сарбаздың бірі Қостанай облысынан борышын өтеуге келген. Қайғылы оқиға 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысының 3477 әскери бөлімінде болған. Бұл осымен екінші сарбаздың қайтыс болуы.

Еске сала кетейік, дәл осы іспеттес жағдай 20 мамыр күні Жамбыл облысындағы 82796 әскери бөлімінде болған еді. Онда мерзімді қызметін атқарып жүрген қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған болатын.

ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі 29 мамырда 3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекетте қызмет атқара отырып, бекітілген қарудан бас аймағына оқ атып, нәтижесінде қайтыс болғанын мәлімдейді.

Ал «Astana» телеарнасының дерегінше, марқұм келісімшарт бойынша егіз бауырымен бірге Өскеменде қызмет еткен.

Әскеридің бірнеше жыл бұрын анасынан айырылғаны айтылды. Тергеу жүріп жатқандықтан, барлық ақпарат әзірге толық жарияланбайды.