Әлем • 02 Маусым, 2021

Канадада екі түрлі вакцина қабылдауға рұқсат етілді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канададағы Иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комитеттің хабарлауынша, AstraZeneca вакцинасының алғашқы компонентін салдырған азаматтар екпенің екінші дозасы ретінде осы препаратты немесе Moderna және Pfizer екпелерін қабылдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канадада екі түрлі вакцина қабылдауға рұқсат етілді

Егер бірінші екпе Moderna немесе Pfizer препаратымен жасалса, екінші компонент тек осы екі компанияның препараттарымен жасалуы қажет. Бұл ұсыныстар Испания мен Ұлыбританияда жүргізілген жаңа зерттеулерге негізделген.

Зерттеу нәтижелері AstraZeneca және Pfizer вакциналарын араластыру COVID-19-дың алдын-алу үшін қауіпсіз және тиімді екендігін көрсетті.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Тереза Тэмның айтуынша, бұл тарихта алғаш рет қабылданып жатқан шешім емес. Ол бұрын мұндай шараның әртүрлі вакциналарға, соның ішінде тұмау мен А гепатитіне қарсы егілетін вакциналарға қолданылғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20