Оқиға • 02 Маусым, 2021

Ақтөбелік азаматтан 6 келіден астам есірткі тәркіленді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде 44 жастағы тұрғыннан ірі көлемде есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбелік азаматтан 6 келіден астам есірткі тәркіленді

Полицейлер ер адамның көлігінен 33 полиэтилен орамасы салынған пакет тапқан. Сараптама жасалып, оның 1,5 келі марихуана екені анықталды. Ал күдіктінің жалдамалы пәтерін тескергенде иісшіл иттің көмегімен бес келіден астам есірткі заты табылды.

Өңірде жыл басынан бері 143 қылмыстың жолы кесілген.

«Алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 6 келі 800 грамм марихуана затын құрайды. Яғни, жеті мыңнан астам бір реттік доза немесе 4,5 млн теңге соммасын құрайды. Аталған факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Алмагүл Ізбасарова.