Экономика • 02 Маусым, 2021

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-қа жетті

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовпен елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайту мәселелері бойынша кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-қа жетті

Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі екенін атап өтті. Мәселен, ағымдағы кезеңдегі статистикалық деректер тауарлар саудасы көлемінің үдемелі қалпына келуін растайды.

«Тек 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $1,2 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 41,3% жоғары ($0,8 млрд.). Экспорт 54% өсіп, $899,2 млн-ды құрады, импорт 11% артып, $272,0 млн-ды құрады», деп мәлімдеді Бақыт Сұлтанов.

Өзбекстан жыл басынан бері  импортқа акциздерді қолдануды тоқтатты. 4 ай көлемінде Қазақстаннан Өзбекстанға акцизделетін тауарлар экспортының 85 тауар позициялары бойынша (СЭҚ ТН 10 белгісінде) $50,3 млн сомасына 74,3% өскені байқалады, экспорт көлемі $28,9 млн-ға жетті.

Сонымен қатар қос тарап 2021 жылғы 10 сәуірде ХСЭЫО капсуласын салу рәсімінің қорытындысы бойынша қол қойылған «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру барысын егжей-тегжейлі талқылады.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов «ХСЭЫО» жобасы аясында Өзбекстан барлық сауда кедергілерін жоюға және өзара сауданы күшейтуге дайын екенін жеткізді.