Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Маңғыстау облысында 90 жастағы қария коронавирустан емделіп шықты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында 90 жастағы Атабай Азмағамбетов коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында 90 жастағы қария коронавирустан емделіп шықты

Бүгін Атабай Азмағамбетов Түпқараған аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясына арналған бөлімінен емделіп шықты. Атабай ақсақал аталған бөлімге коронавирус инфекциясы, өкпенің екі жақты қабынуы диагнозымен 24 мамыр күні түскен.

Түпқараған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлшат Шалабаева ақсақалдың қазіргі жағдайы туралы айтты.

«Атабай ақсақал 20 мамырдан бастап ауыра бастаған. Қарияның айтуынша, денесінде әлсіздік белгілер пайда болған. Жанұясы бізге хабарласқаннан кейін, дәрігерлер шұғыл түрде үйіне барып, денсаулығын тексерді. Ақсақалдың өкпесін тыңдау нәтижесінде және компьютерлік томография қорытындысына сәйкес науқастың өкпесінің 35 пайызы зақымдалғаны анықталды. Ақсақал ауруханаға 24 мамырда қабылданды. Бүгін дерттен айығып, отбасымен аман-есен қауышып отыр», деді дәрігер.