Қоғам • 02 Маусым, 2021

Қазақстанда цемент импортына рұқсат берілуі мүмкін

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда үшінші елдерден цемент импортына тыйым алып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда цемент импортына рұқсат берілуі мүмкін

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы бұрын енгізілген бұйрықтың күшін жоюды қарастырып жатыр. Аталған бұйрық отандық цемент өндірушілерді қолдау және қосымша жүктеу мақсатында алты ай мерзімге енгізілген болатын», делінген хабарламада

ИИДМ деректері бойынша, зауыттарда цементтің (М400, М450, М500 маркалы) орташа бағасы маркасына қарай тоннасына 21-23 мың теңге шегінде, ҚҚС-мен 22,4 мың теңге. Нарықтағы цементтің қымбаттауы дилерлер мен алыпсатарлардың әрекеттерімен байланысты.

«Бүгінгі таңда министрлік құрылыс материалдары бағасының одан әрі негізсіз өсуін болдырмау, өндірушілер мен жеткізушілер арасында сөз байласу мен алыпсатарлыққа жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тексеру жүргізу және шаралар қабылдау үшін ресми хат жолдады.

Осыған байланысты Министрлік цемент өндірушілерге ірі құрылыс компанияларымен және бетон өндірушілермен тікелей жұмыс істеуге кеңес береді», деп толықтырды ведомство өкілдері.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов кейбір елде арматура, цемент және негізгі құрылыс материалдарының бағасы 70 пайызға дейін өскенін хабарлаған болатын.