Әлем • 02 Маусым, 2021

Ташкентте 88 жыл бұрынғы рекорд қайта тіркелді

2590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасында 88 жыл бұрын болған рекорд қайталанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ташкентте 88 жыл бұрынғы рекорд қайта тіркелді

Аптап ыстық өзбектерді алқымнан алып барады. Синоптиктердің айтуынша, Өзбекстанның бірқатар облысында сынап бағанасы 43 градусқа дейін жетіп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Науаи және Бұқара өңірлерінде күн қатты ысып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Өте ыстық ауа температурасы Өзбекстан аумағында әлі бір аптадай сақталады.

Мамандардың мәлімдеуінше, бұрын мұндай жағдай 1933 жылы тіркелген. Қазір Ташкенттегі метро вагондарының жылдамдығына да шектеу қойылды.

«Маусымның 3 мен 6 аралығында Иран аумағынан келген ыстық ауаның салдарынан күн ысиды деп күтіледі. Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 70 пайызға дейін артады. Яғни күндіз сынап бағанасы 40-43 градусты көрсетеді. Ал шөлді аймақтарда ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі», дейді гидрометеорологиялық қызмет орталығының жетекші маманы Оксана Кенжаева.