Экология • 02 Маусым, 2021

Киік саны 800 мыңнан асты

821 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдаған киік­тер­­дің популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл тиім­ді­лігі­нің көрсеткіші – аталған жануарлар санының екі жыл ішінде 2 есеге өсуінен көрінеді, яғни киік саны 334 мыңнан 842 мыңға дейін жеткен.

Киік саны 800 мыңнан асты

Бұрын хабарланғандай, киік саны соңғы рет 2019 жылы есептелген. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты есеп жүргізілген жоқ. Жаңа деректер есепті қалпына келтіру нәтижесінде алынды.

Қазақстанда киіктердің Бет­пақдала, Орал және Үстірт секіл­ді 3 популяциясы мекендейді. Бұл жануарлардың дүниежүзілік популяциясының (Saiga tatarica tatarica) 90%-дан астамы біздің елімізге тиесілі. Айта кету керек, өткен жылдарда киік саны­ның азаюына байланысты Үкі­мет оның популяциясының жойы­лып кетуіне жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдады.

Еске сала кетейік, киіктердің сақталуы олардың санының ХХ ға­сыр­дың 90-жылдары­ның соңында 1 млн-нан 2003 жылы 21 мың басқа дейін азаюы салдарынан проблема­ға айналған. Бұл жануарлар санының азаюына түрлі ауру­лар мен брако­ньер­лік негізгі себеп болды. Осы­ған орай 2005 жылы тұяқты жануарлардың ­сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері мен киіктер­ді сақтау жө­­ніндегі алғашқы бағ­дарлама қа­был­данды. Төлдеу, қыс­тау және көші-қон кезе­ңін­де киіктер шоғырланатын негіз­гі жерлерде оларды қорғаудың тиім­ділігін арттыру үшін «Ыр­ғыз-Торғай» (Ақтөбе облысы) және «Алтын дала» (Қостанай облы­сы) мемле­кеттік табиғи ре­зерват­та­ры құрылды.

Киіктерді заңсыз аулаға­ны үшін жауапкершілік шараларын күшейту мақсатында 2012 жылы Үкімет қаулысымен киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстанның бүкіл аумағында 2020 жылға де­йін пайдалануға тыйым салынды. Бұл мерзім кейінірек 2023 жылға дейін ұзартылды.

2019 жылы браконьерлік үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге дейінгі қатал жазаларды көздейтін заң­наманы қатаңдату бойынша шаралар қабылданды.

Бұдан басқа, елімізде жыл сайын кең ауқымды «Ақбө­кен» табиғатты қорғау акциясы өткізіледі. Оның шеңберінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен құ­қық қорғау органдары төл­деу және лактация кезеңінде киіктерді қор­ғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында таби­ғатты қорғау заң­намасын бұзу­шылықтардың жолын кесу бо­йынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады.

 

«Егемен-ақпарат»