Президент • 03 Маусым, 2021

Ел экономикасына қосқан үлесі жоғары

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады.

Ел экономикасына қосқан үлесі жоғары

Кездесу барысында Қазақ­стан мен Exxon Mobil корпорациясы арасындағы ықпал­дас­тықтың перспективалары, көмірсутегі саласындағы бір­қатар жоба­ның жүзеге асырылуы, «жасыл» технологияларды енгізу, сон­дай-ақ әлемдік энергетика нары­ғындағы қазіргі ахуал талқыланды.

Мемлекет басшысына Қаша­ғанды игеру қарқыны мен Теңіз кен орнын кеңейту бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Президент корпорацияның елімізбен серіктeстік орнатқан 28 жыл ішінде Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Нил Чапман Exxon Mobil үшін Қазақстанмен арадағы ынты­мақ­тастықтың маңызды екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті еке­нін жеткізді. Сондай-ақ аме­ри­калық кәсіпкер мұнайдың әлем­дік нарығын одан әрі дамыту жө­ніндегі ой-пікірін ортаға салып, аталған саладағы өзекті мәселелер туралы айтты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.