Әлем • 03 Маусым, 2021

Куба отандық вакцинасын балаларға сынап көрмекші

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Куба билігі өзінің коронавирусқа қарсы отандық вакцинасын кәмелет жасқа толмаған балаларға сынамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куба отандық вакцинасын балаларға сынап көрмекші

Бұл туралы үкімет басшылары мен препаратты өндірген ғалымдардың баспасөз конференциясында белгілі болды. Жоспар бойынша клиникалық сынаққа шамамен 300-ге жуық 12 мен 18 жас аралығындағы жас өспірімдер қатысады.

Кубалық дәрігерлердің айтуынша, сынақтан өтетін препарат 3 жастан асқан балаларға арналған. Бүгінде Куба елінде ковид індетіне қарсы 5 түрлі вакцина шығарылып, ғылыми зерттеуден өтуде. 

«Клиникалық сынақ алдымен ересек балаларға жүргізіледі. Келесі кезеңде 3 пен 11 жас аралығындағы бүлдіршіндірге сыналады. Жалпы препаратты бұған дейін мыңнан астам ерікті қабылдаған. Олардың 95 процентінде антиденелер байқалды», деді Финли институтының басшысы Висенте Верес.