Оқиға • 03 Маусым, 2021

Павлодарда көлік апатынан бірнеше адам ауруханаға түсті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол-көлік оқиғасы Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда көлік апатынан бірнеше адам ауруханаға түсті

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, өткен түнде сағат 02:07-де Ломов – Катаев көшелерінің қиылысында «Мерседес-Гелендваген» мен «Лада-Калина» көліктері соқтығысқан.

- Оқиға салдарынан 1993 жылы туған әйел адам ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады полиция дартаменті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш адам зардап шеккенін хабарлады.

- 1993 жылы туған әйел адам жамбас сүйектері, қабырғаларының сынуы және кеуде жарақатымен ауруханаға жатқызылды. 1993 жылғы ер адам мидың шайқалуы, бас терісінің зақымдануымен үйде емделуге жіберілді, - деді басқармада.

Сондай-ақ басқарма 1991 жылғы мас күйде болған ер адам бас терісінің зақымдануымен нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған, алайда ол өз еркімен қабылдау бөлімшесінен кеткенін мәлімдеді.