Бокс • 03 Маусым, 2021

Шарипова әлемдік рейтингте жоғарылады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның танымал кәсіп­қой бокс­шысы Фируза Шари­пова Дүние­жүзілік бокс қауымдас­тығының (WBA) жа­ңартылған рей­тингінде бірінші орын­ға көтерілді. 

Шарипова әлемдік рейтингте жоғарылады

Шарипованың бұл табысына еш таң­дануға болмайды. 26 жастағы боксшы 2016 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол кезден бері 13 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіске жетті. Алты қарсыласын есінен тандырды. Әр жылдары түрлі нұсқа бо­йын­ша алтын белбеулерді иеленді. Өз бә­с­екелерінің денін ол Ресей мен Қазақ­станда өткізді. Бір мәрте Испанияға барып та жұдырықтасты.

Бүгінгі таңда әйелдер арасындағы жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын ирландиялық Кэти Тейлордың иеленіп отырғаны белгілі. Екінші сатыдан бірінші орынға көтерілген Ша­рипова енді WBA тұжырымы бойынша Тейлормен жекпе-жектің міндетті үміт­кері атанды.