Теннис • 03 Маусым, 2021

Парижде екі жерлесіміз ғана қалды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде бес жер­ле­сіміз өнер көрсеткенімен, солардың үшеуі ал­ғашқы айналымнан аса алмады.

Парижде екі жерлесіміз ғана қалды

Бұған дейін біз Александр Бубликтің ре­сейлік Данил Медведевтен және Михаил Ку­кушкиннің испаниялық Алехандро Дави­дович-Фокинадан жеңілгені жайында жазған едік. Көп ұзамай Юлия Путинцева сүрінді. Ол тунистік Онс Жабермен ойнады. 26 жастағы қарсыласы бұл күндері әлемдік рейтингте 22-орында тұр. Был­тыр ол Аустралияның ашық біріншілігінде ширек финалға дейін жетіп, «Ролан Гарростың» төртінші кезеңіне шыққан. Міне, осындай сақа спортшыға Путинцеваның әлі жетпеді – 5:7, 2:6.

Сөйтіп жарыс жолында екі жерлесіміз ғана қал­ды. Бүгін Елена Рыбакина жапониялық Нао Хибиномен шеберлік байқасады. Ал Зари­на Диас әлемдік рейтингте 14-орында тұрған бель­гиялық Элисе Мертенспен кездеседі.