Қоғам • 03 Маусым, 2021

Іздеуде жүрген қылмыскерлердің суреті жарияланды

637 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан полиция департаменті ұрлық пен алаяқтық жасады деп айыпталып, іздеуде жүрген қылмыскерлердің суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іздеуде жүрген қылмыскерлердің суреті жарияланды

Тәртіп сақшылары азаматтарға қылмыс жасаған күдіктілер туралы ақпарат білсе ішкі істер органдарына хабарласуын өтінді. Іздеуде жүргендердің арасында шетелдік азаматтар да бар.

Мәселен ақша ұрлады деген күдікке ілінген 28 жастағы Ресей Федерациясының азаматы іздеуде жүр. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Егер іздеуде жүрген адамның кінәсі дәлелденсе, оған үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу және мүлкін тәркілеу жазасы енгізіледі. Ішкі істер департаменттің жеке құрамы аталған қылмыскерлерді іздеуге бағытталған.

Күдіктілердің суреті әуежайда, теміржол және автобекеттерде орналастырылған.