Аймақтар • 03 Маусым, 2021

Шығыс Қазақстанда тұрғын үйден өрт шықты

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шүлбі кентінде тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 25 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда тұрғын үйден өрт шықты

«2 маусым күні сағат 19:26-да Шүлбі кентіндегі 2 ықшамаудан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде 2-қабаттағы пәтерде балконның ағаш конструкциялары, кіреберіс есігі, жеке заттары жанып жатты. Өрт сөндірушілер түтін аймағынан 25 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады», деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар 7 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.