Технология • 04 Маусым, 2021

Жылдың үздік стартап жобалары

2825 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің авторлық жобасы – Caspian Startup – 2021 халық­аралық стартап-жобалар байқауы өз мәресіне жет­ті. Үшінші рет өткізілген іс-шараның тақырыбы ретін­де жаңаратын энергия көздері таңдалды – ұйым­дас­тырушылар жастарды да, кәсіпкерлерді де баламалы энергия көздерімен таныстыру мақсатын ұстанды.

Жылдың үздік стартап жобалары

Сарапшылар мен кәсіп­керлерден жиналған конкурс­тық комиссияның назарына  Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстанның жас зерттеушілері қатысқан 89 жоба ұсынылды. Байқаудың ақтық сынына 15 жұмыс жолдама алды.

– Жылдан-жылға дәс­түр­лі байқау жергілікті және ха­лықаралық деңгейде сұ­ра­­­­­нысқа ие екенін көрсе­тіп ке­леді. Биыл бізге Әзер­бай­жан оқушыларынан 2 жоба және Түрікменстаннан 22 жұ­мыс келіп түсті, –  дей­ді Ақ­­тауда-
­ғы Зияткерлік мек­теп ди­рек­то­ры Әсел Бейсем­бинова.

Caspian Startup қаты­су­шыларының көпшілігі – NIS оқушылары. Финалға қа­ты­су­шылар қатарында Ақ­тау, Ақтөбе, Тараз, Шым­кент, Қарағанды және Көк­ше­тау қалаларындағы Зия­т-­
­кер­­лік мектептердің стартап­шылары бар. Сондай-ақ рес­пуб­ликаның жалпы білім бе­ретін мектептерінің оқу­шылары да өз жобаларын ұсынды.

Жеңімпаздар мен жүл­де­герлерді  ноутбук, планшет, смарт­фон сияқты ба­ға­лы сый­лықтар күтті. Қатысу­шы­лар­дың стартаптарын «жасыл» экономиканың трендтік сала­ларында жастардың жо­бала­рын құруға және іске асы­руға мүдделі Jusan Bank қол­дады.

Түрікменстаннан келген оқушылардың идеялары үз­дік деп танылды. Байқау­дың қорытындысы бойынша
I орын алған Ашғабад стартапшысы Мердан Ақыжанов жаһандық жылыну мәселесін шешуге көмектесетін мақта сабағынан биоотын өндіруді ұсынды. Жеңімпаздың есеп­теуі бойынша жобаның жыл сайынғы таза пайдасы 130 миллион доллардан асуы мүмкін. Екінші орын Магомед Максудов пен Ша­нур Мазыевтің жобасына бұ­йырды, олар Wi-Fi сигна­лын бір жарым шақырым қашықтықта ұстауға мүм­кін­дік беретін радио толқын­дарын құру идеясын ұсынды. Шымкенттегі NIS оқушысы Мухит Бердикул үшінші орын­­ды еншілеген Clean City жо­басын әзірледі.

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары үздік стартапшыларға білім гранттарын ұсынды. Алматыдағы Қазақстан-Британ техни­ка­лық университеті Ақтөбе­дегі Зияткерлік мектептен Андрей Тимонинді, NIS Көкше­тау­дан Диасәлі Кәрімді, сон­дай-ақ Түрікменстаннан келген Caspian Startup – 2021 жеңімпазы Мердан Ақы­жа­новты тегін оқуға ша­қыр­ды. Yessenov Univer­sity ұсын­­ған білім гранты Ақ­тау қаласындағы NIS-тен Нұр­тас Башеевке бұйырды, ал Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ уни­­верситетіне сегіз жоба­ның авторлары – Зияткерлік мек­­теп оқушылары Даниал Сагимбаев, Тимур Сапаев, Әсел Ошан, Ерлан Тұралы, Мухит Бердикул және Жа­ныбек Бозбаев, сондай-ақ Ақтау қаласындағы №10 ЖОББМ-нен Ареф Адай мен Райымбек Орынбай, Әл-Фараби атындағы Көк­шетау IT-лицейінен Асыл­хан Қошанов оқуға ша­қыр­­ту алды. Ақтаудағы Зият­кер­лік мектептен Ерлан Тұ­ра­лы­ның Hydropanel тақы­рыбын­да­ғы жобасын ECO Waste Aqtau мамандары бағалап, оқушыға планшет сыйға тартты. Сонымен қатар байқау фи­налистері халықаралық ІТ-стартаптар орталығы Astana hub тех­нопаркінің мамандары қаты­сатын үш күндік тренингке қатыстырылмақшы.

Caspian Startup жобасы жаңалыққа жаны құштар жастардың қиялын ұштап, талабын қанаттандыруға серпін бергені анық.

 

Маңғыстау облысы