Спорт • 04 Маусым, 2021

«Скейтпарктер жоқ»: Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында соңғы орын алды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Рим қаласында скейтбордингтен әлем чемпионаты өтуде. Іріктеу кезеңінде қазақстандық Кирилл Холопов сынға түсті деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Скейтпарктер жоқ»: Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында соңғы орын алды

Қазақстан атынан сынға түскен Холопов іріктеуде 103 спортшының ішінен 97-ші орынға табан тіреді. Ал жартылай финалға тек қана 28 спортшы өтеді. 

Айта кетейік, Кирилл Холопов өз бағдарламасын қатесіз орындап шықты. Алайда, қарсыластарының мол тәжірибесі мен еліміздегі халықаралық дәрежедегі скейтпарктердің жоқтығына байланысты, отандық атлет жоғары нәтиже тіркей алмаған.